Жабайы шошқа

Sus scrofa

 

Дене тұрқы - 140-167 см, құйрығының ұзындығы - 15-23 см, шоқтығының биіктігі 80-95 см, ұрғашысының массасы 60-128 кг, еркегінің массасы
270-300 кг дейін. Астыңғы және жоғарғы жағында аузынан шығып тұратын азу тістері бар; ұрғашыларына қарағанда, еркектерінде олар жақсырақ дамыған. Бояуы қоңыр немесе жирен реңкі бар ақшыл-қоңыр, кейде қаралау. Торайларының бояуы ала болады.

Негізгі мекендей орны – қамыс және бұта қопасы, тоғайлар. Жабайы шошқа барлық жерде ылғалдандырылған жерлерді таңдайды, бұл жерде азық табу оңай. «Барсакелмес» учаскесінде және тиісті тіршілік ортасы бар басқа да орындарда кездеседі.

Аңдар көбінесе түнде және ымырт жабылғанда белсенді болады.

Жабайы шошқаның болуын қазылған жер учаскелері, «шомылғыштар» (батпақта аунағанды жақсы көреді) куәландырады. Жабайы шошқаның артындағы бүйір саусақтарының өзіне тән жіңішке ізі болады. Дыбыс шығаруы – қорсылдайды, бажылдайды (көбінесе торайлар бажылдайды).

 

P.s. мәліметтер Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының биоалуантүрлілігіне мониторинг жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдардан алынған



#Барсакелмес_МТҚ
#Барсакельмесский_ГПЗ
#БМТҚ_жануарларəлемі_айдары
#рурика_животныймир_БГПЗ