Қазақстанның бауырымен жорғалаушылары ішінде ең бір кең таралған түрі. Орта көлемді тасбақалар салмағы 1,1-1,8 кг. Болған кезде 16-20 см. дейін жетеді, бірақ кейде 30 см дейінгі түрі де табылған. Еркектері ұрғашыларына қарағанда кішірек, арқа сауыты дөңес және құйрығы ұзындау болады. Бояуының жалпы реңкі үстіңгі жағы сарғыш-жасылдау асты сары болады.
Белсенділік кезеңі қысқа, жылына 3-4 ай, наурыздың соңынан маусымның соңына дейін. Ұйқыдан оянғаннан кейін көп ұзамай шағылысады. Маусымына ұрғашысы 1-2 рет ұя басады әрқайсысына 2-4 жұмыртқадан салады. Жұмыртқасы эллипс пішінді ұзындығы 4-5 см, ені 3 см. Ақ қабықпен қапталған жұмыртқаның тереңдігі 10-17 см. шұңқырға көмеді. Шілде – тамыз айларында жас тасбақалар жұмыртқаны жарып шығады.
Жаз ортасына қарай, көп жағдайда жұмыртқа салынып болғанннан кейін ең ыстық күндер басталған кезде тасбақалар ұйқыға кетеді, ол жаз құрғақ болған жағдайда жиі қысқа жалғасады. Кейде, әсіресе жазғы жаңбырдан кейін, тасбақалар сыртқа шығып біраз уақыт азықтанады. Өсімдікпен қоректенетін жануарлар жемді кездейсоқ тағам ретінде жеуі мүмкін. Жыныстық жағынан 10-14 жылда жетіледі, ең жоғарғы өмір сүру ұзақтығы шамамен 30 жыл. Тасбақаның бұл түрі табиғаты қорғау халықаралық одағының Қызыл кітабына енген.