Беланжер қарабарақ

Halostachys belangeriana

Тіршілік формасы. Бұта.

Морфологиялық сипаттамасы. Биіктігі 3,5 м дейін бұта, бұтағы көп; бір жылғы бұтақтар көкшіл сұр, шырынды, цилиндрлі, алмасқан-жұп жапырақтарға байланысты мүшелі, жалаңаш, бірақ қаптаған өте ұсақ тікенектерінен көбінесе бұдырлы; жапырақтары шағын, қалың, үшбұрышты, өткір және жапырақтар бір-бірімен тұтасып өсетін түп жағындағы сабақ бойымен сабақжаппа қабыршақтар түрінде; гүлсерігі қалың, жемісі жанында іскен, үш қырлы; тұқымының ұзындығы шамамен 0,75 мм, жұмыртқа тәрізді немесе сопақша-жұмыртқа тәрізді.

Гүлденуі. Шілде-қыркүйек.

Экологиясы. Сулы және борсиған сор бойымен, тұзды көлдердің жағасында, теңіз жағалаулары мен өзен аңғарында өседі.

Ескертпе. Сақарды өндіру үшін материал ретінде қолданылады. Құрамында өсімдіктердің зиянкестеріне уландырғыш әсер ететін, анабазисқа ұқсас заттары бар.

 

P.s. мәліметтер Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының биоалуантүрлілігіне мониторинг жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдардан алынған

 



 #Барсакелмес_МТҚ
#Барсакельмесский_ГПЗ
#рубрика_растительныймир_бгпз
#бмтқ_өсімдіктерəлемі_айдары