Тіршілік формасы. Көпжылдық.

 

Морфологиялық сипаттамасы. Түйнек тәрізді қалыңдаған жағы бар терең жатпайтын (4-5 см дейін) жерасты сабақтар түріндегі тамыр жүйесі. Сабағы түзу, үш қырлы, жалаңаш, биіктігі 1 см дейн. Жапырақтары кең сызықты, жалаңаш, ұшталған. Гүлдер отырма немесе масақтар түйіндеріндегі қысқа сабақтағы сіпсебас гүлшоғырға жиналған. Жемісі – үш қырлы, дөңесті-үш қырлы немесе жайпақ дөңесті, жылтыр, бірнеше қылы бар, ұзындығы 2,5-4 мм, ені 1,5-2,5, қалыңдығы 1,5-2 мм жаңғақ. 1000 жаңғақтың массасы – 2,5 г дейін. Шілдеде – қазанда жеміс салады. Бір репродуктивті бұтақта 80-нен 250-ге дейін жаңғақ шығады. Жаңғақтардың тіршілік қабілеттілігі 4-5 жылға дейін.

 

Гүлденуі. Мамыр-тамыз.

 

Экологиясы. Бүкіл суармалы жерде, өзендердің, су қоймаларының, суару арналарының жағалары бойында таралған. Күріштің қатысуымен суармалау жағдайларында өсірілетін барлық дақылдарға күн көрсетпейді. Түйнекшөп тұқымы ұзақ уақыт бойы су бетінде бола алады және суарылатын сулар арқылы үлкен қашықтыққа орын ауыстыра алады. Шөгінді құм топырақты жақсы көреді.

 

Ескертпе. Түйнектерін шикі немесе пісірілген түрінде жеуге болады. Кептірілген және ұнтақталған түйнектерден таба нан дайындау үшін ұн жасайды.

 

P.s. мәліметтер Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының биоалуантүрлілігіне мониторинг жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдардан алынған

 #Барсакелмес_МТҚ
#Барсакельмесский_ГПЗ
#рубрика_растительныймир_бгпз
#бмтқ_өсімдіктерəлемі_айдары