
Биосфералық резерваттар күніне орай танымдық экскурсия
06.11.2026
Барсакелмес қорығының тарихы мен табиғи ерекшеліктері туралы оқушылармен кездесу өтті.
19.11.2026Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының тарихы мен табиғи ерекшеліктерін насихаттау мақсатында Арал қаласындағы №71 мектептің 7-8 сынып оқушыларына арналған түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында оқушылар:
• Барсакелмес қорығының құрылу тарихымен,
• Ерекше флорасы мен фаунасы туралы қызықты мәліметтермен,
• Табиғатты қорғаудың маңыздылығымен танысты.
Мұндай танымдық жұмыстар жас ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, экологиялық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.







