
Күзгі санақ жұмыстары жүргізілді
05.11.2026
Биосфералық резерваттар күніне орай танымдық экскурсия
06.11.2026Биосфералық резерваттар күніне орай Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының ғылыми қызметкері А. Кушекбаева оқушыларға танымдық экскурсия ұйымдастырды.
Экскурсия барысында оқушыларға биосфералық резерваттардың маңызы, табиғи экожүйелерді сақтау, биоалуантүрлілікті қорғау және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер дүниесін зерттеу бағытында кеңінен ақпарат берілді.
Сонымен қатар, ЮНЕСКО биофералық резерваттарының желісіне кіретін Барсакелмес биосфералық резерватының табиғи ерекшеліктері мен экологиялық құндылықтары таныстырылып, жас ұрпақтың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған мағлұматтар айтылды.
Табиғатты танып-білу – оны қорғаудың алғашқы қадамы!






