БҰҰ Бас Ассамблеясы сәуірдің 22-сінде Халықаралық Жер-Ана күні деп 2009 жылы қабылдаған.
Осы орайда, жыл сайын аталмыш күні Арал ауданында Жас экологтар сайысы өткізіледі. Биыл да дәстүрлі іс-шара өз орнын алды. Сайыс барысында қатысушылар Жер-Ана, табиғат және қоршаған орта ұғымдарын біріктіре отырып, оларды қорғау, қастерлеу және болашақ ұрпаққа өз қалпында жеткізу маңыздылығы туралы ойларын жеткізе білді.