
Күзгі санақ жұмыстары жүргізілді
05.11.2026«Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» РММ нің директорының бұйрығына сәйкес 2026 жылдың 12-15 қазан аралығында қорықта мекен ететін жануарлармен құстарға жоспарлы күзгі санақ жұмыстары жүргізілді. Санақ жұмыстары нәтижесінде Дүниежүзілік Қызыл Кітапқа енгізілген құландар саны 980 басқа жетті, қарақұйрық саны 380 бас. Құстарға жасалған санақ жұмыстары бойынша 250 түр, оның ішінде Қызыл кітапқа енгені 33 түр және индикаторлық 17 түр есепке алынды.










