
«Туған жер табиғаты – ортақ байлығымыз» тақырыбында экологиялық кездесу-сабағы өтті
24.10.2026
25 қазан – Республика күні құтты болсын!
25.10.2026«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері Арал қаласындағы №292 орта мектептің ауласына сексеуіл көшеттерін отырғызды.
Іс-шараға мектеп оқушылары да белсене қатысып, қоршаған ортаны қорғауға және табиғатты аялауға өз үлестерін қосты. Осындай игі бастамалар жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, туған жердің табиғатын сақтауға деген жауапкершілігін арттырады.
Табиғатты қорғау — болашаққа қамқорлық!








